Кеңселерді жалға беру

«Jrun CK ltd» ЖШС қызығушылық танытқан клиенттерге Алматы қаласында офис жайларын жалға беру бойынша қызметтерін ұсынады. Біздің ұсыныс Қазақстан нарығында жаңа күш жинап келе жатқан және капиталы шектеулі шағын және орташа компаниялар үшін де, нық орынға ие, жылжымайтын мүлік құрылысын қажетсіз деп есептеп, бюджеттерін үнемдейтін ірі компаниялар үшін де тиімді болады.

Офис жайларын жалдаудың бірталай артықшылығы бар. Шартта көрсетілген соманы төлеп, сіз жұмыс істейтін қызметкерлеріңізді абыройлы келбетке ие, толықтай күзетілетін және заманауи инженерлік коммуникациялармен және техникалық құралдармен жабдықталған ғимаратта орналастыра аласыз.